ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Төтнше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ҚР ауыл шаруашылық министрі С.Омаров, тауар бағасын қадағалау туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов баяндама жасады.
Баяндамада елдегі азық-түлік қорының жеткілікті екені және қор әрдайым толықтырылып отыратыны айтылды. Тауар дефициті қаупі жоқ.
Үкімет басшысы Ауыл шаруашылық министріне аймақтардағы азық-түлік қорларын тексеріп, толтырып отыруды тапсырды.
«Біз 9 түрлі қажет тауарға арнайы баға бекіттік. Қазір баға қалпында. Кейбір аймақтарда баға көтеру фактілері байқалды. Аймақ әкімдеріне осы мәселені қолға алып, жіті қадағалауды тапсырдым», - деді Мамин.