ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов баяндама жасады.
Мемлекеттік комиссия коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында 30-наурыздан 5-сәуірге дейін барлық жұмысты тоқтатуға шешім қабылдады. Бұл шешім Нұр-Сұлтан және Алматы қаласына қатысты.
Орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, тәртіп сақтау органдары, денсаулық сақтау нысандары, азық-түлік дүкендері, дәріхана және БАҚ өз қызметін жалғастыра бермек.
Алдағы уақытта жұмысын тоқтататын нысандар туралы толық тізім жарияланады. Тізімді карантин жарияланған қос аймақтың әкімдігі жасайды.
Басып шығару