Академик Виталий Зверев әлемдегі коронавирус жағдайына байланысты өзінің ғылыми тұжырымын жария етті.
Оның айтуынша, коронавирус адамзат тіршілігінде көп уақыт, тіпті, мәңгі сақталуы мүмкін-мыс. Инфекция әлем халқының 70 пайызына жұғып, адамдар вируспен бірге өмір сүрудің жолын табады екен.
«Вирус адамзат популяциясына бір айға, күзге дейін немесе көктемге дейін келген жоқ. Түсіну керек. Ол 70-80 жыл немесе мәңгі сақталады», - деді вирусолог.
Сарапшының айтуынша, ауырғандар саны көп болғанымен өлім-жітім көрсеткіші ерекше көзге түспейді екен.
«Өлім көрсеткіші тұмаудың зардабынан әлдеқайда аз», - деді ғалым.
Зверев АҚШ-тағы коронавирус пен тұмаудың өлім көрсеткішін салыстырды. Оның айтуынша, тұмау бұдан да көп адам өмірін жалмаған.
Басып шығару