Әлем жұртшылығы коронавирусты ең жылдам дегенде екі жыл ішінде жеңеді-мыс. Маманның айтуынша, әсіресе Еуропа елдерінде инфекцияны ауыздықтау қиынға соғады екен.
Дәл осындай сарындағы пікірді COVID-19 бойынша Шанхайдағы сарапшы топтың жетекшісі, Қытайдың маңдайалды вирусологы Чжан Вэньхун айтқан.
Оның айтуынша, егер вирусты түбегейлі жоя алатын болса, бұған бір немесе екі жыл уақыт кетеді.
«Еуропада коронавирус жақын арада жоғалады дегенді ұмытыңыздар деп қана айта аламын», - деді ол.
Вирусолог пандемия адамзат баласының бақылауына келесі жылы жазда бір-ақ өтуі мүмкін екеніне сенім білдіреді. Сондай-ақ, ол мәселені шешу үшін сақтық шаралары өте қатаң түрде сақталуы тиіс дейді.
«Егер бүкіл әлемдегі адам жиналатын нысандарды төрт апта ішінде тоқтатқанда, коронавирусты ауыздықтар едік. Енді бәрі кеш», - дейді Вэньхун.
Веньшун Қытайда инфекцияның тез бақылауға алынуына вирустың тарай бастаған уақыты «Көктем мерекесімен» тұспа-тұс келіп, оқу ғимараттары, басқа да түрлі нысандарының жабық болғаны көмектескенін тілге тиек етті.
Басып шығару