Қазір мұнай тұтыну көлемі азайды. Әлемді шарпыған коронавирус салдарынан. Десек те, мұнай өндіруші мемлекеттер өндірісті байырғы қарқынмен жалғастыруда.
Әгәрәки, мұнай өндіретін компаниялардың қызметкерлері де сақтық шараларына байланысты карантинге жабылар болса, мұнайдың ауалы одан әрі нашарлай бермек.
Бүгінгі көрсеткіш бойынша Brent мұнайының баррелі 27 долларға бағаланып тұр. Бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ, 2019 жылдың мамыр айында аталмыш мұнай бағасы 75 доллар шамасында болыпты.
Ал бір ай бұрын баға көрсеткіші 53 долларды көрсетсе, бір жетіден бері сұйық отын бағасы 30 доллардан көтеріле алмай тұр.
Басып шығару