Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, үкімет келер жылдың бюджетін қарағанда 1 долларды 350 теңге деп есептепті. Ал енді мұнайдың бағасын алдағы үш жылда әр баррелі 60 доллар болады деп болжаған. "Өздеріңіз білесіздер, бізде индикатор сырғымалы негізде, сондықтан бұл параметрлерді қайта қарауға мүмкіндігіміз бар. Валюта бағамына келер болсақ, бағамды болжай алмаймыз. Бізде бағамның басы бос. Бюджетті жоспарлауда біз ұстанып отырған бағам - 1 долларға 350 теңге" деді ұлттық экономика министрі.
Сүлейменовтің сөзіне қарағанда, келер жылдың бюджеті түбегейлі өзгермейді. Оның үстіне Сүлейменов алдағы үш жылда мұнайдың әр баррелі 60 доллардан төмендемейтініне сенімді сияқты.
Алда-жалда әлемдік саясатта өзгеріс болып, мұнайдың бағасы күрт төмендеп кетсе не болады? Бюджетті түбегейлі қайта қарау деген осы емес пе?
Басып шығару