Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Ерболат Досаев елдің валюталық нарығындағы тенденциялар туралы мәлімдеді жасады деп жазады Bairaq.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Теңгенің биржалық курсы 384 теңгені құрады. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда теңгенің 0,1 пайызға әлсірегенін аңғартады. Ал ішкі валюталық нарықтағы қараша-желтоқсан айының көрсеткіштері бірқалыпты", - деді ол.
Елдегі бас қаржы ұйымының басшысы қараша айынан бастап әлемдік нарықта мұнай бағасының 5,8 пайызға қымбаттағанын атап өтті. Қазір бір баррель мұнай 60,2 доллардан 63,7 долларға қымбаттады.
Басып шығару