ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық азаматтарға, төтенше жағдай уақытында жәрдемақы төлеуге пәрмен берді.
Алдын ала есеп бойынша, қазір жұмысынан айырылып, төтенше жағдай кесірінен табысы азайған қалалықтар саны 500 мың адам.
«Төтенше жағдай уақытында кірісінен айырылған азаматтарға 1 минималды айлық табыс көлемінде (42 500 теңге) жәрдемақы төлеуге тапсырма беремін», - деді президент.
Бұл санатқа кіретін қазақстандықтардың жалпы саны 1,5 миллион адамнан асады.
«Қажет болған жағдайда, біз аталған сумманы көбейтіп, қолдау жасаудың басқа да түрлерін енгіземіз», - деді Тоқаев.
Жәрдемақы алатындар тізімі жергілікті штабтарда «Атамекен» КҚП арқылы жүзеге асады.
Басып шығару