Бұл бұйрық кімнің қалтасын қалыңдатып, кімге жәрдемін тигізбек?
2020 жылдың қаңтар айына дейін тағайындалған зейнетақы алатын суммаға сәйкес 7 пайызға дейін өседі. Мысалы, зейнетақы құны қаңтар айына дейін 57900 теңгені құраса, 1-қаңтардан бастап 61953 теңгеге дейін көтерілмек. Ал зейнетақының минималды мөлшері 36108 теңгеден 38636 теңгеге дейін көбейеді.
2020 жылдан бастап зейнетақы алатын азаматтардың табысын есептеген кезде сумма 46 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Мысал көрсетелік, егер зейнетке шыққалы жатқан азаматтың айлық табысы 180 000 теңге болса, онда 46 АЕК, яғни, аталған сумманың 121 946 теңгесі ғана есепке алынады.
Сондай-ақ, 1-қаңтардан бастап тағы да бірнеше дүние өзгермек. Оларды да жік-жікпен атап көрсетелік.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 2651 теңге.
Күнкөріс минимумы - 31183 теңге.
Базалық зейнетақылық төлемнің минимумы - 16839 теңге.
Зейнетақы минимумы - 38636 теңге.
Ең төменгі жалақы - 42500 теңге.
Сонымен қатар, мүгедектерге арналған әлеуметтік көмек, асыраушысын жоғалтқандарға, жасына қарай, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, денсаулыққа зиян әрі ауыр жұмыс жасайтындарға, көпбалалы отбасыларға тағайындалатын жердемақылар күнкөріс минимумы мен айлық есептік көрсеткішке қарай бекітіледі.
Мүмкіндігі шектеулі кісілерге және ҰОС ардагерлеріне арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақы - 42416 теңге.
Басып шығару