Кәсіпкерлерлердің құқығын қорғау департаментінің басшысы Шыңғыс Темір коронавирус салдарынан өндіріс тоқтаған жағдайда жұмыс беруші қызметкерлеріне жалақы төлеуге міндетті екенін айтты.
Оның айтуынша, бұл – барлық кәсіпкерлерді алаңдатып отырған мәселе.
«Қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі бар жұмыстар жоқ емес. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсетумен айналысатын орталықтар бар. Бұл жердегі ең тиімді тәсіл – жартылай жұмыс күнін қалыптастыр. Коронавирустың кең таралуынан сақтану мақсатында жұмысшыларды барынша қысқартып, міндеті демалыс беруге келмейтін персоналға толық емес жұмыс күнін тағайындау керек. Сонымен қатар, жұмысшы өзінің қызметін құқықтық шектеулерге байланысты орындай алмайтын болса, мұқтаждықпен демалыс алса, жұмыс беруші оған минималды табыстан кем емес жалақы төлеуге міндетті. Минималды айлық табыс мөлшері – 42 500 теңге», - деді ол брифингте.
Оның айтуынша, өндіріс тоқтаған жағдайда барлық қызметкерге минималды жалақы төлеу қиын. Бұған шамасы жетпейтін кәсіпкерлер де бар. Осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік нысандардан шығынды өтеуді сұрады.
Басып шығару