Mazir
20 дек 15:36korilim:3 279 Ekonomika

Қазақстандықтар өзінің зейнетақы жинағын шешіп ала алады ма?


ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев басқаратын БЖЗҚ-ның жұмыс тобы қазір зейнетақы жинағының белгілі бір бөлігін баспана, білім алу және медициналық мақсатта қолдану мүмкіндігі туралы талқылап жатыр-мыс. Бірақ ойталқының қорытындысы әлі жария болмады. 




«Бұл – тәжірибеден өткен, нәтиже берген халықаралық үдеріс. Бірақ айтылуы тиіс бірнеше кедергі бар. Бастысы – салымшының зейнетақы жинағы жалақы мөлшерінің 40 пайызынан асса, онда салымшы қордан ақшасын ала алмайды. Ал оның жинағын сақтау әрі қаржыландыру қарастырылған», - деді БЖЗҚ басшысы Жанат Құрманов. 

Халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Экономикалық серіктестік және даму ұйымының есептері зейнетақы қорына түсуі тиіс минималды көлем 13 пайыз. Осындай жағдайда зейнетақы жарнасын үздіксіз 40 жыл бойы салған адамның жинағы еңбек кірісінің 30 пайызынан кем болмайды. Мұндай есептерді БЖЗҚ басшысы келтіріп отыр. 

Құрмановтың айтуынша, зейнетақы жүйесі жолға қойылған 37 елге жүргізілген анализ нәтижесінде зейнетақы салымының орта мөлшері 17 пайызды құрайды екен. Ал Экономикалық серіктестік және даму ұйымының құрамындағы елдерде бұл көрсеткіш 20 пайызға жетіп жығылады. 

«Қайталап айтамын, Қазақстандағы салым ЭСжД ұйымындағы мемлекеттерге қарағанда екі есе төмен. Сондықтан, зейнетақы жинағын қосымша мақсаттарға уақытынан бұрын пайдалану үдерісін жүзеге асыру қиынға соғады», - деді БЖЗҚ басшысы. 

Оның айтуынша, зейнетақы жинағын уақытынан бұрын пайдалану мәселесі әлі талқыланып жатыр. Көпшілік баспана мәселесін шешіп алуды көздейді. 

«Халықаралық тәжірибеде адам зейнетке шықпай тұрып баспана мәселесін шеше алмаса, кері жағдайдағы зейнеткерден оның шығыны көп болатыны белгілі. Бірақ 10 пайыздық салым көптеген азаматтардың баспана мәселесін шешіп беруге қауқарсыз екенін ұмытпаған абзал», - деп түйді Құрманов. 

БЖЗҚ ауыр науқасты адамдар өзінің жинаған ақшасын жедел шешіп алу мүмкіндігі туралы да сөз қозғады. 

«Бұл сұрақ та әлі талқылануда. Салымшылардың БЖЗҚ-дан өз қаржысын алуы үшін қандай нақты медициналық көрсеткіштер болуы тиіс екені анықталу қажет. Қазақстанда тегін медициналық көмек алудың кең қамтылғанын, сондай-ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыс жасап тұрғанын айту қажет. Оның ішінде өте ауыр науқастарға ем-дом жасау да қарастырылған. Ал БЖЗҚ-ға ауыр науқастардың емделу үшін қаражатын алуға өтініш білдіретінін маңызды сұрақ деп есептейміз», - деп мәлімдеді қор басшылығы. 

Қоғамдық кеңестің мүшелері БЖЗҚ басшылығын мұқтаж адамдарға өз салым жинағын график бойынша емес, жедел шешіп беруге үгіттеді. Бұл ұсынысты Қоғамдық кеңест ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберуге мүдделі. 

«Кепілді тегін медициналық ем алған адамның өзіне бірқатар қажеттіліктерді өтеуі тиіс. Ем-домнан бөлек, науқастың тамағына, күтіміне, отадан кейінгі қалпына келу уақытына көлемді қаражат керек», - деді Қоғамдық кеңестің төраға орынбасары Алевтина Донских. 

Басып шығару
lasuna online order - lasuna order online himcolin oral

besivance usa - besivance order sildamax drug

probalan for sale online - order monograph 600mg carbamazepine 200mg pills

order mebeverine 135mg online - purchase arcoxia sale pletal 100 mg pills

order voltaren 50mg generic - buy aspirin sale purchase aspirin pills

rumalaya usa - oral elavil 10mg buy endep 10mg without prescription

order pyridostigmine 60mg generic - pyridostigmine 60 mg tablet generic azathioprine 50mg

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15