Қазақстан ұлттық құрамасының 25 жастағы шабуылшысы Абат Айымбетов "Крылья Советов" футбол командасымен келісімшарт жасасты. Айымбетов жаңа командада 9-нөмірде ойнайды.
Өткен маусымда форвард «Қайрат» сапында 20 матчте он гол соғып, алматылық клубқа соңғы 16 жылда алғаш рет чемпиондық атақты алуға көмектесті. Сондай-ақ, ол Ұлттар Лигасы топтық 2020/21 кезеңінде Қазақстан құрамасында екі рет қарсылас команданың қақпасына гол салды.
Басып шығару