Алматылық «Қайрат» футболдан Қазақстан чемпионы атанды (видео)

  • 03 ноя, 17:52
  • Көрілім: 156

«Қайрат» футбол клубы өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын 3: 1 есебімен жеңіп, футболдан 2020 жылғы Қазақстан чемпионы атанды. 

Матч басталғаннан-ақ алматылықтардың чемпиондық атақты жеңіп алуға деген құштарлығы байқалды. Төреші ойынды бастауға пәрмен бергеннен кейін «Қайрат» бірнеше қауіпті сәттерді жасады, бірақ ешкім гол салып көзге түскен жоқ. Алайда, жарты сағат өткеннен кейін, бразилиялық ойыншы Вагнер Лав 36-минутта гол соғып , бір минуттан кейін пенальти алды. Пенальти орындаған Нұралы Әліп есепті еселеді - 2: 0.

Үзілістен кейін «Қайрат» өзінің артықшылығын арттыруға күш салды. Ойын барысында Абай Айымбетовтың гол соғатын бірнеше мүмкіндіктері болды, бірақ шешуші кезеңде оған дәлдік жетіспеді. Бірнеше дұрыс мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмаған алаң иелері қарсы шабуылды жіберіп алды. Жоау Паулу 77-минутта есепті 2: 1 жеткізді. Алайда, Косовичтің тепкен добы Досмағамбетовке тиіп, автогол салынды - 3: 1.
Осылайша, «Қайрат» соңғы 16 жылдан бері алғаш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды.
 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру