Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда Қазақстан құрамасы Беларусьті қабылдады.
Бірінші тайм қонақтардың басымдылығымен өтті. Беларусь футболшылары допты көп уақыт ұстады. Стас Покатилов қақпасына жиі соққы бағыттады. Бірақ алғашқы таймда есеп ашылмады.
Үзілістен кейін Беларусь шабуыл жасауды жиілетті. Қапталдың әуелетіп асырған пасты Максим Бордачев есеп ашып кетті.
Қазақстан уақыт ұзатпай таразы басын теңестірді. Абат Айымбетов қақпашы қателігін сәтті пайдаланып, гол соқты.
Ойын соңында тәжірбиелі футболшы, Қазақстан құрамасының вице-капитаны Ғафуржан Сүйімбаев қателесті. Ауттан қақпашыға пас беремін деген ойыншымыз Виталий Ласаковичтің аяғына допты салып берді.
Қорытынды есеп - 1:2.
Қазақстан - Беларусь 1:2 (0:0) Гол соққандар: Бордачев 53 (0:1), Айымбетов 62 (1:1), Лисакович 86 (1:2).
Басып шығару