«Қайрат» футбол клубы Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Гулжигит Алыкуловпен еңбек келісімін жасады.
Гулжигит Бішкекте дүниеге келген. Ол «Дордой» футбол мектебінде алғаш үлкен ойындарға қатыса бастаған. |Дарынды ойыншы 2011 жылдан 2017 жылға дейін жоғарыда аталған командада өнер көрсетті.
2017 жылдың ақпан айында жартылай қорғаушы Антальяспорға ауысып, клубтың жастар құрамасында ойнады. 2018 жылы Алыкулов отанына оралып, чемпионаттың бірінші жартысында Премьер-лигада дебют жасаған «Кара-Балта» клубында ойнады, сонымен қатар Қырғызстанның «Алға» командасында доп тепті. Жалпы, Қырғызстан Премьер-лигасында 2018 жылы Алыкулов 28 матч өткізіп, 7 гол соғып, 9 голдық пас берген.
Алыкулов Неманға 2019 жылдың қысқы трансферлік терезесінде қосылған болатын, Гродно клубы үшін 24 матч өткізіп, төрт гол соғып, төрт голдық пас тың иегері атанған.
Өткен маусымда Алыкулов Неманның ең үздік футболшысы деп танылып, Қырғызстандағы атақты бұқаралық ақпарат құралы Super Info нұсқасы бойынша 2019 жылдың суперфутболшысы атанған болатын. Сонымен қатар ол Қырғызстан футбол федерациясының бағалауы бойынша 2019 жылдың ең үздік ойыншысы атанды.
«Қайрат» ФК Гулжигит Алыкуловпен 2 + 1 нұсқасы бойынша келісімшартқа қол қойды.
Басып шығару