Аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона 60 жасында қайтыс болды.
Қараша айының басында Марадона миына қан құйылып ауруханаға түскен, 11 қараша күні жазылып шыққаны белгілі болды. Бүгін аргентиналықтың футболшының жүрегі тоқтап, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгені туралы хабарланды.
Марадона «Барселона» (1982-1984) және «Наполи» (1984-1991) командаларындағы ойындарымен танымал. 1986 жылы ол әлем чемпионы атанды және турнирдің үздік ойыншысы ретінде Алтын допты алды.
Сонымен бірге Аргентина құрамасының жаттықтырушысы болған (2008 - 2010).
Басып шығару