Латын қарпінде жазудың машақатын көріп жүрген біз ғана емес. Ертеректе латынға өткен Өзбекстанда осы мәселе күн тәртібінен түспейді. Mahalla телеарнасына көрсетілген бейнесюжет кейіпкерін «sex ustasi» деп көрсеткеннен кейін бұл дау қайта қыза бастаған.
Сюжетте сөйлеген азамат «цех ұстасы». Ал өзбек жұртшылығы бұл сөзді «секс ұстасы» дегеннен айыру қиын деп даурығуда.
Осыдан соң көпшілік өзбек тілінің әліпбиін қайта қарап, «цех» сөзінің жазылуында «ц» әрпін «TS» деп белгілеуді немесе «Цех» сөзін «Seh» деп жазуды ұсынды.
Дау-дамайға қатысты елдің Әділет министрінің мемлекеттік тіл жөніндегі кеңесшісі және белгілі блогер Шахноза Соатова пікір білдіріп, былай деді:
«Егер «Sex» сөзі туралы айтсақ, біз контексте өзбек тілін қарастыруымыз керек. Өзбек тілінде бұл сөз «цех» дегенді білдіреді. Мәселе жазылуда емес, адамдардың ойында».
Оның айтуынша, әліпбиге өзгерістер енгізуге адамдардың күлкісі мен әлеуметтік желілердегі хайп үшін жарияланған материалдар негіз бола алмайды. Бұл мәселеге ғылыми көзқараспен қараған дұрыс болатынын айтқан.
Басып шығару