Mazir
17 авг 14:47korilim:647 Қоғам

«Мұхиттың арғы жағына...»


Аға буын өкілдерінің әлі күнге есінде, кеңестік кеңістікті тұмшалаған, сөздің тура мағынасындағы, қара бұлтты қақ жарып, бейбітшілік арқалап бара жатқандай әсерде шырқалатын Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әнінде осындай жолдар бар. Бірақ, ол кезде Қазақстанның айдай әлемге танылып, асқақ абыройы шартарапқа жайылатыны, ана тіліміздің мұхит асып жер жүзіне тарайтыны туралы армандау тұрғай, көзге елестету мүмкін емес еді. 
Тәубе, Тәуелсіздігіміздің арқасында бүгін көз көріп отыр.
Мыңдаған мысалдар арқылы айтуға болады, соның бірі ғана ретінде, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың 2020 жылдың 10 сәуірінен бері Аргентина азаматтарына Zoom арқылы қазақ тілін оқыту курсын бастағанына тоқталып өтелік.
Әлбетте, мемлекеттік тілдің мәртебесі – күнделікті өмірде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясының кеңеюі мен шет елдерде қазақ тілін қолданушылардың көбеюімен арта түсері анық.  Осы тұрғыдан келгенде шет мемлекеттердегі  қазақ тілін үйренгісі келетіндердің саны артып келе жатқаны қуантады. Онлайн курс барысында Аргентинаның Росарио қаласында орналасқан Қазақстандық мәдени орталық мүшелеріне қазақ тілінің қарапайым А1 деңгейі үйретілуде. 
Онлайн сабақ ағылшын тілінде жүргізіліп жатыр.
Бұл курстың ерекшелігі – қазақ тілін үйрету ғана емес, қазақ халқының біртұтас мәдениетін дәріптеу және таныту. Қазақ тілінің базалық білімін игеріп, ауызекі тілде сұхбаттасуды үйрету, сөздік қорды көбейте отырып, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. 
Бүгінде шетелдік аудиторияға арналған қазақ тілі курсының қарапайым А1 деңгейінің дәріс бағдарламасы, оқу жұмыс жоспары, оқу-әдістемелік құралы, таратпа материалдар дайындалды. 
Сабақтың әр сағатында тиімді әдіс-тәсілдер мен соңғы инновациялық технологиялар пайдаланылып, аргентиналықтардың қызығушылығына ерекше мән берілуде.
Тіл үйренушілерді коммуникацияға бейімдеу, яғни, тіл үйренушілерге қазақ тілінің  бастапқы актив сөздерін, сөз тіркестерін, тіпті сөйлемдерін игерту басты  назарда.  
Онлайн курсты «Haileybury Astana» мектебі қазақ тілі пәнінің мұғалімі, phd докторант Ақниет Озатұлы әр жұма сайын жүргізеді. 
Әрине, ағылшын тілінің ішкі лингвистикалық табиғаты мен қазақ тілінің өзіндік табиғатының арасында түбірлі айырмашылықтар бар, – дейді дәріс беруші Ақниет Озатұлы. Алайда оқытушының шетелдік тіл үйренуші аудиториямен еркін диалогқа барып, мәселені күрделендірмей мейлінше оңай, тиімді түсіндірудің нәтижесінде үш айдың ішінде тіл үйренушілерден  қазақ тілінде жауап алатын деңгейге жетті.
Қазақ тілін үйренуге зор қызығушылық танытқан Аргентина азаматтары: Густава, Ирина, Жульетта, Аника, Григорий, Сергионың  қазақ тілінде еркін сөйлеуге, ақпараттық технологияларды қолдануға деген танымдық кызығушылығы, тапсырмаларды орындауға, қазақ тілін меңгеруде мультимедиялық құралдар мен электронды оқулықтарды қолдануға деген ұмтылысы ерекше байқалуда. Сабақ барысында Сергио есімді азамат «Ұлттық домбыра» күніне орай  қазақ күйлерін орындап, көпшілікті тәнті етті.   
Сонымен қатар олардың  қазақ  мәдениетіне, өнеріне, музыкасына ықыласы ерекше. Росарио қаласындағы ерікті топтың «Қазақ мәдениеті» орталығын  құруы – осының дәлелі. Олар еліміздің Тәуелсіздік күні, Наурыз сияқты мерекелерді жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырған. Facebook әлеуметтік желісінде Rosario  қазақ мәдениет орталығының тарапынан  қазақ халқының мәдениетін насихаттауға және дәріптеуге арналған парақша тұрақты түрде жүргізіледі. Тіпті, халықаралық деңгейдегі спорттық шараларда Қазақстан азаматтарына жанкүйерлік танытатыны жүрекке жылы тиеді. 
Росариода ту орнатуға арналған әлемдегі жалғыз монумент орналасқан, ол жерде жыл сайын желтоқсанның 16-сында Қазақстанның туы желбірейді.
Биыл елімізде тұңғыш рет мемлекеттік мереке ретінде аталып өткен Абай күні мемлекеттік органдардың делегаттары, Росарио қаласының әкімшілігі, Оңтүстік Америка мелекеттерінің академиялық және бизнес орталарының өкілдері, осы елдердің Бразилиядағы дипломатиялық миссияларының басшылары мен қызметкерлері, Қазақ мәдени орталығының волонтерлары қатысқан осы қаладағы бейнеконференцияға ұласты. Қазақтың ұлы ойшылының өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми іс-шаралар, әдеби кештер мен көрмелер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Мұхиттың арғы бетіндегі Қазақстанға, қазақ  ұлтына деген шынайы сүйіспеншілік мен үлкен құрмет мерейіңді өсіреді, кеудеде мақтаныш сезімін ұялатады.
Мыңнан бір мысал деген осы болса керек.
Басып шығару
buy lasuna pills - how to get diarex without a prescription where to buy himcolin without a prescription

buy cheap besifloxacin - how to buy besifloxacin sildamax for sale

benemid 500 mg for sale - order etodolac 600mg online purchase carbamazepine sale

gabapentin pill - buy gabapentin sale order azulfidine 500mg without prescription

brand rumalaya - amitriptyline 50mg brand brand endep 10mg

diclofenac generic - aspirin tablet buy aspirin 75mg without prescription

purchase diclofenac - where to buy voveran without a prescription cheap generic nimodipine

pyridostigmine cost - order pyridostigmine 60mg sale azathioprine 25mg over the counter

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15