Жапония астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты. Тұрғындарды спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуі алаңдатады. Халық Ұлттық стадион алдына жиналып пандемия кезінде бұл доданы өткізу орынсыз екенін жеткізді. Сондай-ақ, «Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиеді» деп ұрандатты.
Айта кетейік, қазірдің өзінде Жапония билігі Олимпиада ойындарын өткізуге қазынадан 15 млрд 4 млн доллар қаражат жұмсаған. Халықаралық Олимпиада комитеті телекөрсетілім арқылы бұл сома өтеліп миллиардтаған кіріс келетінін айтты.
Сурет: sputniknews.com