Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Дума фракцияларының басшыларымен кездесу кезінде кедейлерге азық-түлік талонын енгізу мәселесін ойлану туралы ұсыныспен келісті.
Путиннің айтуынша, үкіметте аз қамтылған отбасыларға азық-түлік сертификатын беру мәселесі талқыланып жатыр, бұл идеяның оң тұстары бар.
«Бұл мәселе бойынша ойлану керек. Бірақ бұл эпидемия басындағыдай өзекті деп ойламаймын», - деді Путин.