Mazir
18 янв 09:12korilim:2 072 Qazaqstan / korshi elderde

Қытайда таралып жатқан қауіпті вирус Қазақстанға келуі мүмкінбе?

Қытайда таралып жатқан қауіпті вирус басқа елдерге өте бастады деп хабарлайды http://bairaq.kz/ https://sputniknews.kz/ -ке сілтеме жасап
Қытайда қауіпті коронавирус жұқтырған науқастардың саны артып, қырық адамнан асты. Елдің бір тұрғыны қайтыс болды. Ғалымдардың болжауынша, вирус адамнан адамға өтуі мүмкін.

Инфекция біртіндеп басқа елдерге өтіп жатыр. Алғашқы ошақ Жапонияда пайда болды. Бұл жағдай қазақстандық санитарлық дәрігерлерді қатты алаңдатты. Билік инфекцияның алдын алу үшін вокзалдар мен әуежайларда бақылауды күшейтті, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Қытай өлшемімен алғанда Ухань шағын қала. Соңғы бірнеше аптада ол бір адамның өмірін қиған жаңа вирустың арқасында бүкіл әлемде танымал болды. Сарапшылар қоздырғыш коронавирустың жаңа түрі екенін анықтады. Қазір 500-ге жуық адам, оның ішінде науқастармен байланыста болған дәрігерлер бақылауға алынды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инфекция балық базарынан шыққан деп санайды.

"Жалпы жағдай бақылауда, кейбір науқастар үйіне жіберілді. Кейбіреулерінің жағдайы ауыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл аурудың пайда болуынан қауіптеніп отыр", - дейді Бейжің университеті бірінші ауруханасының дәрігері Ван Гуанфа.

Қазақстан билігі қауіпті вирус шекарадан өтпеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Қазір барлық әуежайда, теміржол вокзалдары мен көлік құралдарының кіру пункттерінде санитарлық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Егер жолаушыдан аурудың белгілері анықталса, экипаж не істеу керектігін біледі.

"Бүгінгі таңда жалпы 12 мыңнан астам адам тексеруден өтті. Қытайдан келгендер арасында ыстығы көтерілген және аурудың белгілері байқалған адам анықталған жоқ. Науқастарды уақытылы анықтау үшін біз коронавирустың жаңа түрін диагностикалауға зертханалар дайындадық. Ол үшін бізде барлық қажетті реагенттар мен жабдықтар бар", - деп түсіндірді Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Вирус Жапонияға жеткені белгілі болды. Науқас жақында Уханьда болып, инфекция жұқтырған. Қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ел үкіметі ауру туралы ақпарат жинайтын дағдарыстық штаб құрды.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15