Вашингтон мэры Муриэл Баузер қаладағы төтенше жағдай режимін жаңа президентті ұлықтау рәсіміне дейін ұзартылды. Қала басшысының үкіміне сәйкес, 6 қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде жарияланған төтенше жағдай режимі 15 күнге созылады.
АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденді ұлықтау рәсімі конституцияға сәйкес 20 қаңтарда өтуі керек.
Еске салайық, 6 қаңтарда АҚШ-та тәртіпсіздіктер басталды. Дональд Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірді.
Бастапқыда полицейлер көзден жас ағызатын газ, түрлі-түсті гранат қолданып тәртіпсіздіктің алдын алмақ болған. Конгресске кіретін бірнеше кеңсе эвакуацияланды.
Наразылықтар АҚШ Конгресі қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін ресми түрде бекіту рәсімін бастаған кезде басталды. Сайлау қорытындыларын бекітуге қарсылықтар айтылып, талқылау басталды. Сенаторлар тобы Аризона сайлаушыларының дауыстарын мақұлдауға қарсылық білдірген.
Басып шығару