Қытай полициясы ұйғырлардың бейбіт митингі таратты. Жексенбіде Гонконг полициясы ұйғырларды қолдауға арналған бейбіт митингіді таратты. Әкімшілік округтің полициясы бейбіт шеру тәртіпсіздіктерге ұласқаннан соң халықты тарата бастады. Наразылық білдірушілер полицияға шыны бөтелкелер мен тастарды лақтырды. Тәртіпсіздіктерді тоқтату үшін газ картридждері қолданылды. Тәртіпсіздік басталғанға дейін мыңға жуық адам көшелермен ұйғыр туларымен жүрді. Сонымен қатар олар «Азат ұйғырлар, еркін Гонконг» және «жалған автономия » «геноцидке алып келеді» деген ұрандар жазылған плакаттар алып жүрді. Ұйғырларды қолдауға қарсы наразылықтар «Арсенал» ағылшын футбол клубының жартылай қорғаушысы Месут Озил ұйғырларды «езгіге қарсы күресетін жауынгерлер» деп атағаннан кейін басталды. Гонконгтағы наразылықтар үстіміздегі жылдың маусым айында материктік Қытайға экстрадициялау туралы заңның қабылдануына қарсы басталды. Заң жобасы қазан айында кері қайтарылды, бірақ наразылықтар содан кейін тоқтамады.
Басып шығару