Александр Лукашенко Беларусь Президенті қызметіне кірісті.
Ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтуде.
Ұлықтау рәсіміне жүз шақты адам шақырылды. Олардың арасында жоғары лауазымды тұлғалар, депутаттар мен Республика Кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, жергілікті атқарушы және әкімшілік органдардың басшылары, республикалық БАҚ өкілдері, ғалымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері бар.
Беларусь Республикасының Конституциясына сәйкес Президент келесі мазмұндағы ант қабылдағаннан кейін қызметіне кіріседі: «Беларусь Республикасы Президентінің қызметіне кірісе отырып, мен салтанатты түрде Беларусь Республикасының халқына адал қызмет етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге және қорғауға, Беларусь Республикасының Конституциясын сақтауға және маған жүктелген міндеттерді адал орындаймын».
Оң қолын Конституцияға қойып, Александр Лукашенко беларусь тілінде ант берді. Содан кейін ол ант қабылдау актісіне қол қойды. Беларуссияның Сайлау және республикалық референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина Александр Лукашенкого Беларусь Республикасы Президентінің куәлігін тапсырды.
Басып шығару