Буэнос-Айрестегі ұлы футболшы Диего Марадонамен қоштасу рәсіміне мыңдаған аргентиналықтар жиналды. Бірақ жиын соңы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты.
Infobae порталының хабарлауынша, белгісіз себептермен билік ұлы футболшымен қоштасу мүмкіндігін шектеу туралы шешім қабылдаған, әрине бұл жайт жанкүйерлердің ашу-ызасын тудырған. Осылайша қоштасу рәсімі жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Тәртіп сақшылары наразы адамдарға қарсы көзді ашытатын газ бен су атқылады.
Полиция жаппай тәртіпсіздік кезінде ерекше көзге түскен 9 адамды ұстағаны белгілі. Жаппай тәртіпсіздіктен бөлек вандализм, тонау, мемлекеттік қызметкерлерге қарсылық көрсету сынды құқық бұзушылықтар да орын алды.