Қырғызстанда наразылық шеруі қайта басталды (видео)
Бішкекте референдум мен Конституцияға енгізілген түзетулерге қарсы митинг өтіп жатыр. «Баштан Башта» азаматтық қозғалысы 22 қараша күні сағат 12:00-де басталды. Шеруді ұйымдастырушылар қырғыз халқын конституцияға енгізілетін түзетулерге қарсы бейбіт шеруге шақырды.
Біз қазан айының басынан бастап болып жатқан оқиғаларды бақылап отырдық, біздің үнсіздігіміз бен әрекетсіздігіміздің нәтижесінде жаңа конституцияның жобасы пайда болды. Жаңа жобада басқару формасын өзгертуді, сөз бостандығын шектеуді және ксенофобияны насихаттайды. Сонымен қатар, заң бойынша өкілеттіктері қазан айында аяқталған 6-шы шақырылымның депутаттары 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін президенттік сайлаумен қатар референдум өткізуді ұсынады, дейді шеруді ұйымдастырушылар.