Минскіде қауіпсіздік күштері бейбіт демонстранттарға қарсы резеңке оқтарды қолданды.
Ішкі істер министрлігі арнайы техника наразылық білдірушілер тәртіп сақшыларына шабуыл жасамақ болғаннан кейін қолданылғанын айтты, бірақ бұл ақпаратты оқиға болған жерден түсірілген видео кадрлар теріске шығарады.
Наразылық білдірушілер Минскіде, Гродно қалаларында ұсталды. Кешке құқық қорғаушылар наразылық акциясы кезінде ұсталған 117 адамның аты-жөнін анықтады. Минскіде 30-ға жуық адам, қалғандары - Брест, Витебск, Гомель, Гродно, Могилев, Бобруйск, Борисов, Жабинка, Жодино, Лида, Ляховичи, Новополоцк, Пинск, Речицада қалаларының тұрғындары.
Бұл 9 тамыздағы президенттік сайлаудан кейінгі наразылық білдірушілердің он бірінші шеруі болды. Журналистердің бағалауы бойынша, бұл соңғы бір жарым айдағы ең шулы шерулердің бірі болған.
Шеру экс-президенттікке үміткер Светлана Тихановскаяның 13 қазанда Беларуссия билігіне ұсынған ультиматумына байланысты «Халықтық ультиматум» деп аталды. Негізгі талаптар - Александр Лукашенконың отставкасы, зорлық-зомбылықты тоқтату және саяси тұтқындарды босату. Егер бұл талаптар 25 қазанға дейін орындалмаса, бүкіл ел «Халық Ультиматумымен» бейбіт түрде көшеге шығады.
Басып шығару