Грузияда парламенттік сайлау өткеннен кейін наразылық күшейді. Өткен жексенбі күні екі қалада ірі наразылық акциялары өтті.
Шеруге қатысушылар заңбұзушылықтар болғанын айтып, жаңа сайлау өткізуді талап етуде. Сайлауда көпшілік дауысқа ие болған билік басындағы «Грузин арманы» партиясы оппозициямен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
Грузияда оппозициялық партиялар бір апта бұрын өткен парламенттік сайлау нәтижесі бұрмаланғанын айтып, наразылық танытып жатыр. Тбилиси мен Батумиде шеру өтті. Оппозиция өкілдері сайлауды қайта өткізуді талап етуде.
Олар додада басым дауысқа ие болған «Грузин арманы» партиясына қарсы шығуда. Себебі билеуші партия 48 проценттен астам дауыс жинап, үкіметті қайта құруға құқық алған.
Тбилисидегі парламент алдында 20 мың адам жиналды. Шерушілер коронавирусқа қарамастан наразылық шарасын бүкіл ел аумағында өткізуге шақырып жатыр.
Басып шығару