Бішкекте бір уақытта бес митинг өтіп жатыр.
Бішкекте үкімет үйінің жанында митинг өтуде. Бірінші митингті бұрынғы бас директордың жұмыстан босатылғанына наразы болған энергетиктер ұйымдастырды. Олар қызметке келген директор заңсыз тағайындалды деп санайды.
Екіншісін, керісінше, жаңадан келген бас директорды қолдайтын энергетиктер ұйымдастырды.
Үшіншісін «Дордой» базарының сатушылары ұйымдастырған. Олар шекараа мәселесін шешуге көмек сұрайды. Олардың тауарлары Қытаймен шекарада үш ай бойы тұрғанын айтады. Салықтар мен кедендік төлемдер төленгеніне қарамастан тауарлар қайтарылмаған.
Төртінші наразылықты «Айымдар кыймылы» қозғалысының әйелдері ұйымдастырды. Олар заңсыздық пен саяси қудалауға қарсы, сонымен қатар үкімет уәде еткен люстрацияны жүзеге асыруды талап етеді.
Бесінші митингке қатысушылар несиелік рақымшылық жасауды талап етіп, Ұлттық банк төрағасы Толқынбек Әбдіғұловтың қызметінен кетуін қалайды.
Басып шығару