Президенттікке кандидат Светлана Тихановскаяны республиканың Орталық сайлау комиссиясының ғимаратында ұстап отыр.
Беларуссия президенттігіне экс-үміткердің өкілдері есіктер жабық, ал Тихановскаяны босатпай отыр деп атап өтті.
Бұл ретте ОСК-дан Тихановскаяға шағым түскеннен кейін ол комиссия аумағын тастап кеткенін айтты. «Тихановская шағым түскеннен кейін комиссия аумағынан кетіп қалды. Оның жанында адвокаты да күтіп отырды. 19.00-де орталық сайлау комиссиясын барлық қызметкерлер тастап кетіп қалды. Ешкім қалмады», - деді Орталық сайлау комиссиясының өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Беларусь КГБ Тихановскаяға алдын-ала шабуыл дайындалған деп хабарлаған болатын. Департамент оппозицияның бірлескен штабынан Тихановскаяның өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы хабарламалар алғанын атап өтті.
КГБ төрағасы Валерий Вакульчиктің айтуынша, ішкі істер қызметкерлері наразылық білдірушілерден «қасиетті құрбандықты қажет етеді» деп жазылған хабарлама алған.
Басып шығару