Беларуссияның қазіргі президенті Александр Лукашенко тәртіп сақшыларына Минскідегі Тәуелсіздік сарайына демонстранттарды жібермегені үшін ризашылық білдірді.
«Көпшілік Тәуелсіздік сарайынан 200 метр қашықтыққа жиналса телефоннан: Тәуелсіздік Сарайына шабуыл жасау үшін бізге 100 мың адам керек дегенді естиміз ... Құқық қорғау органдарының реакциясы қандай болмақ? Тәртіп сақшыларының оларды ұстап қалғандары жақсы болды. Жағдай аса қатерлі емес еді, бірақ адамдар үшін өте қауіпті болды», - деді Александр Лукашенко.
Беларусь Президенті бүгінде азаматтарды тәртіпсіздіктерге итермелейтін және араздық тудыратын адамдармен жұмыс жасайтындығын мәлімдеді.
Бұған дейін Лукашенко наразылық білдірушілерді «шетел басқарып отырған қойлар» деп атап, тәртіпсіздікке жол бермейтінін мәлімдеген.
Басып шығару