Беларусь президенті Александр Лукашенко президенттік сайлаудан кейін елде азаматтық соғысты болдырмайтынын айтты.
"Біз барлық нұсқаларды қараймыз, бағаламауға болмайды. Бірақ ертең елде хаос, жанжал, азаматтық соғыс болады деп айтуға себеп жоқ", - деді ол.
Орталық сайлау комиссиясы бес кандидатты тіркеді - Андрей Дмитриев, Анна Канопацкая, Александр Лукашенко, Светлана Тихановская, Сергей Черечня. Екі үміткер - Виктор Бабарико мен Валерий Цепкало тіркеуден бас тартты.
Лукашенко бұл қызметті 1994 жылдан бері жүргізіп келеді. Егер қайта сайланса, бұл оның алтыншы жеңісі болады.
Басып шығару