Түркияда соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы бес есе өсті. Азаматтардың негізгі бөлігі омикрон штаммын жұқтыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркияның денсаулық сақтау министрі 50 жастан асқан және қауіпті топтағы азаматтарға жүгініп, егер екпе алғаннан бері алты айдан астам уақыт өткен жағдайда оларды қайта ревакцинациядан өтуге (қайта екпе алуға) шақырды. Өткен аптада Түркияның дәрігерлер одағы ел басшылығына сырқаттанушылықтың өсу жағдайына қарай шектеу шараларына оралуды ескертті. Ұйым жабық ғимараттарда бетпердені міндетті түрде киюді енгізуді, балаларды вакцинациялауды бастауды, індетке тестілеуді қамтуды және аурудың жағдайы туралы мәліметтерді апта сайын емес, күнделікті жариялауды ұсынды.
Басып шығару