Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси азаматтарды бала тууды шектеуге шақырды. Оның айтуынша, елде қазіргідей өсім сақталса, халық саны жыл сайын 2 миллион адамға көбейіп, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына кедергі келтірмек. 2052 жылға қарай Египет халқының саны 193 миллионға жетеді екен.
«Сондықтан Мысыр үшін ең тиімдісі, жылына 400 мың адамға көбею», - дейді ас-Сиси. Билік мәселені қатаң заңмен реттеуге ниетті емес. Ал ресми дерекке сүйенсек, Египет халқының саны 100 миллионнан асады.