Египет билігі Илон Маскты пирамидаларды зерттеуге шақырды.
Шілде айының соңында американдық өнертапқыш және кәсіпкер, SpaceX бас директоры Илон Маск пирамидаларды өзгеғаламшарлықтар салған деді.
"Мен сіздерді және SpaceX-ті пирамидалардың қалай салынғандығы туралы жазбаларды оқып, зерттеуге, сонымен қатар құрылысшылардың қабірлерін зерттеуге шақырамын. Мистер Маск, біз сізді күтеміз", - деп жазды Рания әл-Машат.
Ол өзгеғаламшарлықтардың Мысыр пирамидаларының құрылысына ешқандай қатысы жоқ екенін баса айтты.
Пирамидалар Ливия шөлінің орталығынан 8 км қашықтықта, Ніл өзенінің бойында, Каир орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Ғимараттар Египеттің ежелгі патшалығында IV-VI әулеттердің билігі кезінде (б.э.д. XXVI-XXIII ғғ.) салынғандығы белгілі.
Басып шығару