Астрономдардың хабарлауынша, алдағы екі күнде потенциалды қауіпті 2020 WU5 астероиды Жерден сегіз миллион шақырым қашықтықта ұшып өтеді. Оның орбитасының траекториясы NASA реактивті қозғалыс зертханасының сайтында келтірілген.
WU5 астероиды 2020 жылдың 29 қарашасында NEOWISE (Wield-Field Infrared Survey Explorer) ғарыштық телескопы арқылы алынған суреттерден табылды және 4 желтоқсанда Халықаралық астрономиялық одақтың (IAU) электронды кіші планеталар циркулярына енгізілді.
Аспан денесі «аполлондар» тобына жатады. Ғалымдардың айтуынша, оның диаметрі 0,5-1,1 километр аралығында. Астероид 13 қаңтардан 14 қаңтарға қараған түні Жерге жақындайды деп күтіледі.
Басып шығару