Франция президенті Эммануэль Макрон Беларусь президенттігіне экс-кандидат Светлана Тихановскаямен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
Француз үкіметінің ресми өкілі Габриэлб Атталь егер Тихановская ниет білдірсе, Макрон онымен Вильнюсте кездесуге дайын екенін жеткізді.
Эммануэль Макронның Литваға сапары бүгін, дүйсенбі күні басталған. Ал ертең, сейсенбі күні ол Латвияға барады.
Еске сала кетейік, бірер күн бұрын Макрон Александр Лукашенкоға Минск авторитарлы биліктің салдарынан дағдарыс жағдайында отырғанын жеткізіп, отставкаға кетуге кеңес берді. Ал Лукашенко оған жан-жағына алаңдамай, өз елінің ішкі ісімен айналысудың жөн екенін жеткізген.
Басып шығару