Франция президенті Эммануэль Макрон халыққа үндеу жолдап, коронавирусты жеңгенін мәлімдеді.
«Эпидемиямен күрес аяқталған жоқ. Бірақ вирусқа қарсы бірінші жеңіске қол жеткізгенімізг қуаныштымын», - деді ол.
«Ертеңнен бастап біз дағдарыс беттерін әрі қарай парақтай аламыз. Біз бұдан өттік. Ертеңнен бастап күллі Франция аумағы қалыпты өмірге қайта оралып, жұмыстар қайта басталады», - деді Макрон.
Оның айтуынша, Иль-де-Франс аймағында мейрамханалар мен кафелер толық ашылады. Айта кетейік, 2-маусымнан бастап Париж көлемінде тек жазғы террассалар ғана жұмыс істеп тұрды.
«Бірақ бұл вирус жоғалды, енді мұқият болудың қажеті жоқ деген сөз емес. Біз әлі ұзақ уақыт бойы арақашықтық сақтап өмір сүруге мәжбүрміз. 2020 жылдың жазы біз күткендей болмайды, сақ болу керек», - деді ол.
Басып шығару