Үндістанда коронавирустың таралу қарқыны бесеңдемей тұр.
Соңғы тәулікте мұнда 78 мыңнан аса адамның індетті жұқтырғаны расталып, әлемдік антирекорд орнады. Бұған дейін ешбір елде мұндай үлкен тәуліктік көрсеткіш тіркелмеген.
Антирейтингтің бірінші орнында тұрған АҚШ-тың өзінде бір күнде расталған оқиғалардың ең үлкен саны 77 мыңнан асқан. Сөйтіп, бүгінде Үндістанда коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 3 жарым миллионнан асады.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта індет әсіресе ауылды аймақтарда тез тарап барады. Оған тұрғындардың сақтық шараларына жауапкершілікпен қарамауы себеп.
Басып шығару