Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттерриш Армения мен Әзірбайжан тарапына қақтығыстарды тоқтатуды сұрап, үндеу жолдады.
«Бас хатшы екі тараптың да қақтығысты тоқтатып, мәмілеге келуін құптайды. Арандатушылардың жолын кесіп, бейбітшілікті сақтауға шақырады», - деп түсіндірді БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стафан Дюжаррик.
Бүкіләлемдік ұйым басшысы басқа ұйым басшыларымен кеңесе отырып, Таулы-Қарабақ өлкесіндегі қақтығыстарға себеп болған аймақ туралы бейбіт әрі әділ шешім шығаруға мүдделі екенін жеткізген.
Кеше, 12-шілде күні, Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі шекараға Армения Қарулы күштерінің артиллерияме басып кірмек болғанын мәлімдеді. Әзірбайжан тарапының мәліметіне сүйенсек, қақтығыс кезінде төрт әскери қызметкер қаза тауып, төртеуі жараланыпты.
Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі шекарадағы жағдайдың орын алуына Әзірбайжан тарапының әрекеті себеп болды деп отыр. Армян әскерилерінің сөзіне сенсек, екі полиция қызметкері мен үш әскери қызметкер жарақат алыпты.
Таулы-Қарабақ аймағы үшін талас Әзірбайжан мен Армения арасында 1988 жылдың ақпанынан бері жалғасып келеді. сол уақытта ТаулыҚарабақ автономды облысы Әзірбайжан КСР құрамынан шығатынын жариялап, артынша жергілікті билік облыс пен оған қарайтын жеті ауданға билік жүргізуден тыйылды. 1992 жылдан бастап Ресей, АҚШ және Франция төрағалық ететін ЕҚЫҰ-ның Минс тобында келіссөздер жүргізіліп келеді.
Басып шығару