«Мен біздің арамыздан «төрт аттыны» көремін - олар ХХІ ғасырдың дамуына қауіп төндіреді», - деді Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен жылғы әлемдік ұйымның қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттер туралы сөйлеген сөзінде.
Гутерриштің айтуынша, алғашқы «шабандоз» - «ең жоғары геостратегиялық шиеленіс». Бас хатшы қақтығыстар адамзаттың жаппай азап шегуіне әкеліп соқтыратынын, ядролық қауіптің артып келе жатқанын атап өтті.
Екінші «атты адам», бас хатшы айтқандай, климат дағдарысы. Гутерриш планета атмосфераның орташа температурасы қалыпты жағдайдан көтеріліп келе жатқанын, миллиондаған жануарлар мен өсімдіктердің түрлерінің жойылып кету қаупі бар екенін еске салды.
Гутерриш үшінші «атты адамды» күн санап өсіп келе жатқан «жаһандық сенімсіздік» деп бағалады. Ол әлемде саяси институттарға деген сенім төмендейтінін, адамдардың үштен екісі теңсіздік өсіп жатқан елдерде тұратынын атап өтті.
Төртінші «атты адам», БҰҰ бас хатшысының пікірінше, «сандық әлемнің қараңғы жағы». Гутерриш жаңа технологиялар қылмысқа, жеккөрушілікке және жалған ақпарат таратуға қолданылатынын айтады.
Басып шығару