Зеленский: Грузия билігі мүлт кетті...

  • 09 май, 09:06
  • Көрілім: 663

Грузия билігі Киевтен елші Теймураз Шарашениджені шақырып, экс-президент Михаил Саакашвилидің қызметке тағайындалуын талқыламақ. Бұл туралы бүгін Грузияның Сыртқы істер министрі Давид Залкалиани мәлімдеді.
«Грузия сотының шешімімен халықаралық іздеу жарияланған адамды стратегиялық серіктесіміздің қызметке тағайындауы күдік шақырады. Осы мәселені талқылау үшін Тбилисиге Грузияның Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Теймураз Шарашенидзе шақырылды», - деді Залкалиани.
Оның айтуынша, Грузия украиналық тараппен дипломатиялық қарым-қатынастарды бұзуға ниетті емес. Тек елшіні шақырып, әрі қарай қандай шаралар қолдану керек екенін ақылдаспақшы. 
«Елшінің қатысуымен бұл жағдайдың екі тарапқа кері әсер етпеуі үшін қолданылатын шараларды ақылдасамыз. Біз халықаралық ұйымдарда серіктеспіз, еуропалық және еуроатлантикалық интеграцияны дамыту жолында бір мүдде ұстанамыз», - деді министр. 
Украина президенті Владимир Зеленский Грузияның бұл әрекетін қателік деп санайтынын жеткізді. 
«Біз Грузиямен, грузин халқымен керемет қарым-қатынастамыз. Дегенмен, біз Грузиядағы елшіні Киевке шақырмаймыз. Меніңше, бұл – грузиндердің қателігі. Басқа мемлекеттің кадр саясатына араласу – қате таңдау», - деді ол. 
Еске сала кетейік, 7-мамыр күні Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвилиді Зеленский Реформа жөніндегі ұлттық кеңес төрағасы етіп тағайындады.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру