Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Калетаев Украина президенті Владимир Зеленскийге сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.
Әңгіме барысында Дархан Калеатев Қазақстан Украинамен терең байланыс орнатуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол екі елдің тарихи байланысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыс жасауға мұрындық болатынын айтты.
«Президент Владимир Зеленский ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытайдан Украинаға гуманитарлық көмек тасымалдауды ұйымдастыру барысында көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстандағы инфекцияға қарсы қолданылып жатқан шараларды жоғары бағалады және Украина мен Қазақстанның азаматтары өз еліне уақытылы жете алғанын айтты», - деп жазылған баспасөз релизінде.
Бұдан бөлек, әңгіме барысында қос мемлекет өкілдері өндіріс, көлік құрастыру, ауыл шаруашылығы, ІТ-индустрия саласында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту мәселесі талқыға салды.
Басып шығару