Сауд Арабиясы мен Ресей Федерациясы мұнай шикізатын өндіру көлемін қысқарту мәселесі бойынша мәмілеге келді. Бұл шарт ОПЕК+ келсімінің видеоконференциясында жасалды.
Аталған бастаманы жүзеге асыру барысында келісімге қатысушы елдер мұнай өндірісін күніне 20 миллион баррельге дейін қысқартуды көздеп отыр.
Біршама уақыт бұрын Сауд Арабиясының билігі өздерінің бұл бастамасына Ресей Федерациясы қолдау білдіреді және келісімге келеді деп сенетінін жеткізген.
Сауд Арабиясы өз кезегінде мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,6 миллион баррельге дейін қысқартуға мүдделі.
Басып шығару