Беларусь мемлекетінің басшылығы түрлі географиялық бағыттар арқылы сұйық отынның шикізатын алу жолдарын қарастыруда.
Мемлекет басшысы Александр Лукашенко №27 бұйрыққа қол қойып, үкіметке Қазақстанмен мұнай және мұнай шикізатын тасымалдау жөніндегі сауда-экономикалық байланыс орнатуға пәрмен берді. Бұйрықта екіжақты келісімге келуді және құжатқа жақын арада қол қою тапсырылған.
Александр Лукашенко Қазақстанмен мұнай саудасын жасауды бірінші рет айтып отырған жоқ. Бұл мәселені ол Қазақстанға ресми іссапармен келген уақытта да айтқан-ды.
Басып шығару