АҚШ коронавирус статистикасы бойынша Қытайдан озып кетті


27-наурыз күні таңертең әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 532 мың адамнан асты. Ал инфекциядан қайтыс болғандар саны 24 мың адамнан асады. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде инфекция жұқтырғандардың нақты саны – 532 237 адам. Оның 24 089 қаза тапқан. Ал 124 326 адам емделіп шығыпты. Вирус әлемнің 199 елінде ресми тіркелген. 

АҚШ-та 85 594 адам коронавирус жұқтырған. Осылайша олар Қытайды (81 340 адам) және Италияны (80 589 адам) басып озды. Ал қаза тапқандар саны бойынша Италия көш бастап тұр (8 215 адам). Оның соңын ала Испания (4 365 адам) және Қытай (3 292 адам) келеді. 

Қазақстанда 120 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оның біреу қайтыс болса, екеуі емделіп шықты. 

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру