Өткен тәулік ішінде Қытайда жаңа коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп, 899 факт тіркелген. Оның 118-і ажал құшты. Бұл ақпаратты ҚХР-дың денсаулық сақтау комиссиясы растаған.
Хубэй провинциясында 631 науқас тіркелді, оның 319-ы Ухань қаласында. 115 адам өмірмен қош айтысты. 21-ақпан күнгі ақпарат бойынша, жалпы Қытай аймағында 75 465 адам коронавирус жұқтырғаны анықталған. Қаза тапқандар саны 2 236 адамды құрады. Ал ауруханадан айығып шыққандар саны – 28 804 адам.
Қытайдағы дерт ауыздықталғандай болып, әлем халқының бойын билеген үрей сейіле бастағанда й еді.
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 76 716 адамға жеткен. Ең көп дертке душар болғандар – Жапония азаматтары (723 адам). Қытайдың шекарасынан тысқары аумақта коронавирустан 11 адам қаза тапқан.
Басып шығару