Коронавирустан қанша адам емделді?

  • 24 мар, 11:42
  • Көрілім: 884


Қазір коронавирустың қарқыны сәл бәсеңдеген іспетті. Беймәлім. Үш күн бойы бірде-бір инфекция жұқтырған адам табылмаған Қытайда бүгін тағы 78 адам тіркелді. 

Біз сіздерге өте беделді ғалым Джонс Хопкинс жасаған статистика негізінде төмендегі мәліметтерді ұсынбақпыз. 

Әлем бойынша коронавирустан 101 794 адам емделді. Барлық инфекция жұқтырған адамдар саны – 381 499. Ал індет өмірін жалмағандар саны – 16 557. 

Қытайда 81,5 мың адам инфекция жұқтырып, оның 90 пайызы, 73,2 мың адам емделген. Екінші орында 63,9 мың адам инфекция жұқтырған Италия, ал үшінші орында 46,3 мың адам індетке шалдыққан АҚШ тұр. 

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру