Mazir
25 ноя 14:37korilim:328 Onir tynysy

Рекорд: Түркістан ауыл шаруашылығы бойынша 3,3 миллион тонна өнім алды

Түркістан облысы ауыл шаруашылығындағы дақылдарды әртараптандыру нәтижесінде 3,3 миллион тонна өнім алынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Түркістан қаласындағы Конгресс-холл ғимаратында ауыл шаруашылығы маусымының қорытындысы шығарылған «Алтын күз-2021» мерекелік шарасы өтті.

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Бұдан кейін салтанатты жиын өтіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барша ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтады.

– Ауыл шаруашылығында еңбек ететін азаматтарды, жалпы жұртшылықты мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіздікің арқасында мемлекетімізде сан саланы дамытуға мүмкіндік туды. Күні кеше «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды. Оның біріншісі – Тәуелсіздік. Тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз және ең ұлы құндылығымыз. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын қарсы алып отырмыз. Осы отыз жылда өңірімізде барлық көрсеткіштер еселеп өсті. Оның бірқатарына тоқталсам, «Тәуелсіздік» көпірі, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралы, «Көксарай» су реттегіші елдің күрделі мәселелерін шешті. Бұрын көрші елдің шекарасынан өтуге мәжбүр болған жерлестеріміз «Тәуелсіздік» көпірі арқылы кедергісіз жол жүруге мүмкіндік алды. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы жүздеген елді мекен газбен қамтылды. Импорттық газға тәуелділік азайып, өңірдің 60 пайызға жуығы газбен қамтылып отыр. Түркістан қаласы 100 пайыз газдандырылды, – деді Шөкеев.

Өңірде мал шаруашылығы жақсы дамып жатқанын айтқан Шөкеев суармалы жерді игеріп, бақша өнімдерін өсіруде Түркістан облысының әлеуеті жоғары екенін жеткізді.

– Елбасы Түркістанды Тәуелсіздіктің басты жеңістерінің бірі ретінде атап өтті. Шаһар 3 жылда өзгерді. Бұның бәрі – халықтың көз алдында жүзеге асқан, көзге көрінетін жобалар. Осы жетістікке Сіздер де үлес қосып жатырсыздар. Бірнеше жыл бұрын елімізге келген АҚШ өкілдері Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік өте зор екенін айтқан болатын. Шын мәнінде біз осы мүмкіндікті толық пайдалануымыз керек. Өңірде мал шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мал тұқымын асылдандыру ісі жанданды. Ет экспорты бойынша Түркістан облысы бірінші орынға шықты. Сонымен бірге суармалы жерді игеріп, көкөніс, бақша өнімдерін өсіруде де Түркістан облысының әлеуеті өте жоғары. Ауа-райы қолайлы. Біз ауыл шаруашылығын дамыту бойынша агросала өкілдеріне, аудан әкімдеріне семинарлар өткізіп, түсіндіріп жатырмыз. Іріленген әрі біріккен шаруа қожалықтары жаңбырлатып суғару технологиясын пайдаланып, мол жетістікке жетуде. Ал бірікпеген, орташа шаруа қожалықтары үшін бір жерден жылына 2-3 өнім алу жобасы тиімді. Үй іргесіндегі жерін пайдаланушы ағайын тамшылатып суғару әдісін пайдалануда. Осы бағытта жұмыстар тоқтамауы керек. Өңіріміз агросала бойынша елімізде алдыңғы қатарда келеді. Бірақ өнімділікті тағы 2-3 есе өсіруге мүмкіндік бар. Ауыл шаруашылығы үшін жыл табысты аяқталды, – деді ол.

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Басып шығару
purchase lasuna for sale - diarex over the counter order generic himcolin

buy besivance sale - purchase carbocysteine generic sildamax cheap

benemid us - purchase monograph generic tegretol tablet

order mebeverine generic - arcoxia for sale online buy cilostazol 100mg generic

cambia price - aspirin usa where to buy aspirin without a prescription

order rumalaya generic - cheap shallaki tablets order amitriptyline online

mestinon 60 mg us - mestinon uk order imuran without prescription

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15