Mazir
08 май 09:22korilim:2 403 Onir tynysy

Ө.Шөкеев: Айқайларыңыз ештеңе шешпейді (видео)


Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы жарылып, Түркістан облысындағы он бірдей ауылды су шайып кетті. Қазір апатты жағдайдағы ауыл тұрғындары жедел штаб құрған орындарда отыр. олар өздерінің үйлері мен кәсіптерін уайымдайды.  

Апатты жағдай орын алған күннен бері Мақтаарал ауданының тұрғындары үшін еліміздің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлер, өнер жұлдыздары, қарапайым қоғам белсенділері бастаған көмек керуендері Түркістан облысын бетке алып ағылуда. Олар зардап шеккен халыққа киім-кешек, қажет заттар мен азық-түліктер апарып беріп жатыр. 

Әлеуметтік желіде су басқан ауыл тұрғындары әкімнің келмегенін айтып шырылдап жатқан-ды. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр халықпен кездесіп, жоспарларымен бөлісті. 

«Өзбекстандағы платинадан 500 миллион куб метр су кеткен. Біздің ауылдарды ғана емес, Өзбекстанның жалпы саны 70 мың адам тұратын бірнеше қышлағын су басып қалды. Сіздер ештеңені уайымдамаңыздар. Біз Арыс қаласында 7000 үйді екі ай ішінде қалпына келтірдік. Оның жанында 1000 үйді қалпына келтіру қиынға соға қоймас. Мүлік, мал, егін, бәрінің шығынын өтеп береміз. Өзбекстан тарапынан техника келіп жатыр. Біз ағайын халықпыз. Олар да әдейі жасамаған болар. Тек сіздер сабыр етіңіздер, біз бәрін істеп береміз», - деді облыс әкімі. 
Жиналған жұрт мемлекет басшысы мен әкімге, көмек қолын созып жатқан барша ағайынға алғыс білдірді. 

«Саламатсыздар ма! Біз қазір осы жерде арнайы комиссия құрып, барлық мәселелерді жоспарлап отырмыз. Өмірзақ Естайұлымен бірге Өзбекстанда да болдық. Мемлекет басшысы айтқандай, ешкім көмексіз қалмайды», - деді Роман Скляр қазақшалап. 
Сондай-ақ, аймақ басшысы халықты арандатушыларға еріп, жұмыс істеуге бөгет болмауға шақырды. 

«Арандатушыларға ермеңіздер. Міне, әр облыстан түрлі көмек келіп жатыр. Үкіметпен бірігіп, бәрін жасаймыз. Тек сабыр керек. Сабыр сақтаңыздар, барлық шығын өтеледі. Сіздер арандатушыларға еріп қанша айқайласаңыздар да, ол ештеңе шешпейді. Бірігіп жұмыс істеуіміз керек», - деді Өмірзақ Шөкеев. 

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15